Жалпы білім беретін «Х. Санбаев атындағы орта мектебі» – педагогикалық ұжымы тұрақты, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда іс- тәжірибесі мол оқу орны. Біздің мектебіміз – іргелі мектептердің бірі. Барлық мұғалімдер білім жетілдіру курстарынан өтіп, білім берудегі жаңалықтарды оқу үрдісінде кең қолданады. Мектеп ұжымы -мұғалім, оқушы, ата-аналармен үштікодақ негізінде өзара ынтымақтастықпен құрылған ұжым. Үштікодақ мектеп ұжымының жүйелі жұмыс жасауына мүмкіндік беріп, білімалушылардың бойына отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастырады. Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында білім беруді реформалау жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай әр түрлі педагогикалық технологиялар жасалып, мұғалімдердің тәжірибесінде енгізілуде. Бұл технологиялар оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ықпал жасайды. Оқушыларға тек білім берумен шектелмей, танымдық әрекетін арттырады, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Мектеп ұжымы «Жаңартылған білім бағдарламасына көшу арқылы мұғалімдердің кәсіби өсуіне қолдау көрсету» тақырыбында жұмыс жасайды.